11-12 маусымда Нұр-Сұлтан қ. "NOMAD AWARDS 2022" Алғашқы Халықаралық байқауы өтті, оған "Он алты қыз" бидің халықтық ансамблі қатысты. Ұжым "Кейіптің эмоционалдылығы және терең ойлылығы үшін" және "Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін" номинацияларында ІІ дәрежелі лауреат, дипломант болды. Байқау аясында қазақ, үнді, кавказ, тәжік және өзбек билері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді, әрқайсысына "Он алты қыз" ансамблі белсенді қатысып, сертификаттар алды. Ұжым мен оның жетекшісі Мадина Дусмогомбетоваға алда шығармашылық жетістіктерді тілейміз.
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК
Медиагалерея
Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің
сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы
Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.
Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.