29 маусым күні Щучинск қаласында өткен Халықаралық “Burabay Fiesta” өнер байқауында үлкен жетістікке жеттік!
“Жұлдыз” үлгілі вокалды студиясының талантты солисі Адия Абенова — I орын иегері атанды!
“Балдәурен” үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің солистері:
- Айдана Ыбрай және Әдема Қойбағарова — II орын
- Айым Байғозина, Аяулым Нұрпейіс, Анхар Табылды — I орын жеңімпаздары атанды!
Ансамбль жетекшісі Хасенова Айымгүл Ақылбекқызы “Үздік ұстаз” атағына ие болып, арнайы кубокпен марапатталды!
Құрметті Айымгүл Ақылбекқызы және дарынды ансамбль қатысушылары!
Сіздерді Халықаралық “Burabay Fiesta” байқауындағы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің, шынайы талантыңыздың және өнерге деген шексіз махаббаттың жарқын нәтижесі. Әрбір ән, әрбір қадам — көрермен жүрегінен орын тапты!
Ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесім мен шабытты еңбек әлі талай асуларды бағындыратынына сенеміз. Тек биікке самғай беріңіздер!
Өнерлеріңіз өрлей берсін, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!








Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің
сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы
Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.
Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.
Бұл Сіздің уақытыңыздың 10 минутын алады.