Каз     Рус     Eng

Тарихы

                                         Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайы

 

              Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар  басқармасы    

    жанындағы «Көкшетау» мәдениет сарайы  мемлекеттік коммуналдық    

    қазыналық  кәсіпорны.

              1970 жылдың қыркүйегінде  3 қабатты, жеке тұрған типтік ғимарат 

пайдалануға берілді, 2001 жылы толық қайта құрылыс  жүргізілді.

          Жалпы алаңы - 5242,2 ш.м.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы  бойынша  «Көкшетау» МС ғимаратының қасбетін қайта жаңарту (күрделі жөндеу) жүргізілді. Қайта құру барысында «Алюкобонд»   қасбеттік кассетасы «Травертин»  қасбеттік тасына толығымен ауыстырылды, сондай-ақ цокольдық керамикалық плиткаларды гранит плиткаларына толық ауыстыру жүргізілді.

Қасбетте жарық диодты LED экран, өлшемді әріптерден тұратын жарық диодты белгі және жарық диодты жарықтандырылған логотип бар.

          Мәдениет объектісі – В.И.Ленин атындағы Мәдениет сарайы деп аталды. Қалалық мәслихаттың және Көкшетау қаласы әкімінің XXVI сессиясының 1999 жылғы 5 қазандағы №С-26/16 шешімімен «Көкшетау»  мәдениет сарайы болып өзгертілді.

          Ақмола облысы әкімінің 22.12.1999 жылғы № 397 шешімімен «Көкшетау» мәдениет сарайы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджетке ауыстырылды.

Көп жыл бойы ұжымды Томилова Екатерина Афанасьевна басқарды.

          2009 жылдан – Белялова Күміс  Әбдібекқызы.

          2019 жылғы 7 наурыздан бастап директордың м.а., ал 2022 жылғы 4 қазаннан бастап «Көкшетау» МС директоры Құрманова Әлия Нұрсұлтанқызы болып табылады.

«Көкшетау» МС қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік және мәдени дамудың мемлекеттік жоспарларын іске асыру жөніндегі бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

«Көкшетау» МС қызметінің негізгі міндеттері: мәдени бос уақытты ұйымдастыру және барлық жас санаттарындағы халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандыру, өскелең ұрпаққа адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтау және халық шығармашылығын дамыту болып табылады.

          Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: 600 орындық көрермен залы, көрме, би және балет залдары, душ кабиналары бар грим және үйірме бөлмелері, дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, дыбыс күшейткіш және жарық беретін аппаратуралар, үлкен ЛЭД-экран, интернетке шығатын компьютерлік техника, концерттік қойылымдар мен іс-шараларға арналған костюмдер жиынтығымен жабдықталған.

«Көкшетау» МС ұзақ және даңқты тарихы бар және қала мен облыстың мәдени және қоғамдық өмірінің басты орталығы болып табылады.

Жыл сайын 100-ден астам іс-шара өткізіледі. ҚР мемлекеттік мерекелеріне арналған салтанатты іс-шаралар, мерейтойлық даталар атап өтіледі, түрлі байқаулар және фестивальдер өткізіледі. Шығармашылық ұжымдар жыл сайын "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылық байқауына қатысады.       

          Көркемдік талғамды қалыптастыру, сұлулықты қабылдау, халық өнерін насихаттау – «Көкшетау»  МС-да жұмыс істейтін шығармашылық ұжымдардың басты мақсаты. Барлығы 28 ұжым бар, оларға 4 жастан 70 жасқа дейінгі 900-ден астам адам қатысады, 10 ұжым «Халықтық»; 4 – «Үлгілі» атағына ие.    

          «Көкшетау» мәдениет сарайының қызметкерлері арасында «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегерлері: Тлеулина Мадина Бекетовна-Көкшетау» халықтық би ансамблінің жетекшісі, Крылов Виктор Андреевич - «Буратино» үлгілі қуыршақ театрының жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегерлері:   Құрманова Әлия Нұрсұлтанқызы – «Көкшетау» МС директоры, Сұлтанова Баян Тажидденқызы – көркем жетекшісі, Семёнова Виктория Юрьевна – «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымының жететкшісі,  Казимирский Анатолий Леонидович – халықтық ардагерлер хорының аккомпаниаторы, Баженов Андрей Львович – дыбыс режиссері.

          «Көкшетау» МС шығармашылық ұжымдары өзінің барлық қызметімен  ақмолалықтардың музыкалық-мәдени ағартуына елеулі үлес қосады.Конец формы

 

 

Құрылған күні: 23.02.2021 15:44
Жаңартылған күні: 15.06.2023 16:34
Қаралым саны: 1859


Медиагалерея

Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің

сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы

 

Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.

Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.

Бұл Сіздің уақытыңыздың 10 минутын алады.

 
Результаты
Страница создана: 16.06.2023 11:55
Страница обновлена: 16.06.2023 11:58
Просмотров: 4038