Каз     Рус     Eng

Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты балалар ән фестивалі

18.10.2023

   17 қазан күні Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты балалар ән фестивалі өткізілді.

Фестивальға Жалғас Мұрат, Кәусар Рамазанова (Жақсы ауданы, Қима ауылы «Ғ.Әбдірахманов ат. ЖОББМ»), Ералы Нұрғали, Инжу Каирлинова (№6 мектеп-лицейі), Егінбай Әділ, Жарас Байкен, Мирас Байкен (№14 ЖОББМ), Аруназ Балташева, Назым Сабит, Мади Кереев (№9 ЖОББМ), Рафаэль Сабитов (№13 «ЭКОС» мектеп-лицейі) қатысты. Қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Көрермендерге концерттік бағдарламаны «Шалқыма» және «Сувенир» халықтық би ансамблдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі және «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солисі Адия Абенова ұсынды.

Келе жатқан мереке – Республика күні құтты болсын! Баршаңызға амандық, елімізге бейбіт аспан, татулық пен мәңгілік достық тілейміз!

Құрылған күні: 18.10.2023 10:43
Жаңартылған күні: 18.10.2023 10:43
Қаралым саны: 4082


Медиагалерея

Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің

сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы

 

Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.

Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.

Бұл Сіздің уақытыңыздың 10 минутын алады.

 
Результаты
Страница создана: 16.06.2023 11:55
Страница обновлена: 16.06.2023 11:58
Просмотров: 4039