Каз     Рус     Eng

«Жеңіс күні»

11.05.2023

    Жеңіс күні – халқымыздың ерлігі мен даңқының, батылдығы мен қаһармандығының жарқын көрінісі, патриоттық сезім мен бізге бейбітшілік пен еркіндік сыйлаған аға ұрпаққа деген құрмет күні. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз, мәңгі есте сақтаймыз және мақтан етеміз.
Бүгін «Абылай хан» алаңында Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Ұлы Жеңіске тағзым» әдеби-сазды композициясына Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатысты.
Мерекелік іс-шараны «Көкшетау», «Он алты қыз», «Шалқыма» халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі «Қазақстан – бақыт мекені» картинасымен ашты.
«Мәлік Ғабдуллин» картинасында «Көкшетау», «Шалқыма» халықтық би ансамбльдерінің және «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблінің балалары іс-шара көрермендеріне мерекелік ленталарды таратты.
«Сувенир» халықтық би ансамблі мен «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі «Би-рух тынысы» картинасында сарбаздар биін көрсетті.
Әдеби-сазды картинаны «Көкшетау» мәдениет сарайының солистері Ақниет Абдулла, Ерқанат Ербосынұлы, Нұрғиса Досмахан «Атамекен» әнімен аяқтады. «Көкшетау» мәдениет сарайының хореографиялық ұжымдары мен «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің балалары әнді әсемдеді.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, елімізде бейбітшілік, тыныштық, достық пен бірлік орнасын!

Құрылған күні: 11.05.2023 14:44
Жаңартылған күні: 11.05.2023 14:44
Қаралым саны: 4096


Медиагалерея

Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің

сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы

 

Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.

Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.

Бұл Сіздің уақытыңыздың 10 минутын алады.

 
Результаты
Страница создана: 16.06.2023 11:55
Страница обновлена: 16.06.2023 11:58
Просмотров: 3510