20.05.2024
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.
Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде 20-дан астам елде атап өтіледі. Биыл бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл–ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өткен.
12 мамыр күні «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында Аналар күніне арналған Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.
Концерттік бағдарламада «Көкшетау» халықтық би ансамблі - жетекшісі «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Мадина Тлеулина, «Он алты қыз» халықтық би ансамблі - жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, «Сувенир» халықтық би ансамблі - жетекшісі Маргарита Авдеенко, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы - жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегері Виктория Семенова, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі - жетекшісі Томирис Жанспаева, «Кербез Сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі - жетекшісі Дәурен Біржанов, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі - жетекшісі Айымгүл Ақылбекқызы, Халықтық театры - жетекшісі Жансая Казбеккызы, солистер: Тамара Акбердина, Ерқанат Ербосынұлы, Жанерке Еслямбек, Айғаным Амринова, Адема Қойбағарова өнер көрсетті.
Осы жарқын мерекеде денсаулық, махаббат пен бақыт тілейміз! Сіздердің үйлеріңізде әрқашан жылулық және жайлылық болсын, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!