6 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС, Ақмола магистральдық желі бөлімшесінде концерт берді.
Концерттік бағдарламаға Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты:
«Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, «Сувенир» халықтық би ансамблі – жетекшісі Маргарита Авдеенко, халықтық ардагерлер хорының қазақ вокалдық тобы – жетекшісі Светлана Пушкина, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі – жетекшісі Айымгүл Хасенова, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы – жетекшісі Ақниет Абдулла, «Жастар» вокал студиясы – жетекшісі Асем Мухамеджанова.
Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының қызметтерінің
сұранысы мен сапасы туралы әлеуметтік сауалнамасы
Көкшетау қаласының тұрғындарының бос уақыты мен хоббиіне байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Мүдделерді, қажеттіліктерді анықтау халықтың қажеттіліктері негізінде мәдени-демалыс жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге көмектеседі.
Сіз біздің барлық сұрақтарымызға жауап беру арқылы бізге үлкен көмек көрсетесіз.
Бұл Сіздің уақытыңыздың 10 минутын алады.